«Айяна» жеке мектепке дейінгі білім беру мекемесі туралы қысқаша ақпараттық анықтама
| Білім беру ұйымының атауы: | «Айяна» жеке мектепке дейінгі білім беру мекемесі |
| Білім беру ұйымының меңгерушісі: | Рысбекова Жанна Туякбаевна |
| Мекен – жайы: | Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зашаған кенті, Көктем шағынауданы, Мұрат Мөңкеұлы көшесі 85/3, типтік 2 қабатты ғимарат. |
| Білім беру ұйымының құрылған жылы, төлқұжаты: | Балабақша ғимараты 2021 жылы салынған, ашылуы 2022 жылы 16 қыркүйек. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы, кадастрлік нөмірі 08:130:154:1851 техникалық төлқұжат бойынша ғимараттың басталған жылы 2019, құрылыс ауданы – 1331,8 ш.м, ғимараттың ауданы – 3210,6 ш.м, жалпы алаңы – 5850 га, қабырғаларының материалы – кірпіш. |
| Жобалау сыйымдылығы және ғимарат сипаттамасы: | Балабақшаның жоба қуаттылығы – 160 орын, оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Балабақша 20 баладан тұратын 8 топқа арналып жабдықталған. Олардың төртеуі бірінші қабатта, төртеуі екінші қабатта орналасқан. Сонымен қатар бірінші қабатта барлық қажетті құралдармен жабдықталған асхана, кір жуу орны және оқшаулау бөлмесі бар медициналық бөлім жұмыс жасайды. Ал екінші қабатта әдіскер мен психолог кабинеттері арнайы жабдықталған және үйірмелер бөлмесі мен акт залы мерекелік шараларды кең ауқымда өткізуге мүмкіндік береді. |
| Жұмыс телефондары: | 87052304145 |
| Электрондық мекен-жайы: | |
| Бөбекжайдағы педагогтер саны: | 23 |
| Тәрбиеленушілер саны: | 160 |
| Топ саны: | 8 топ |
| Топтардың жасқа қарай бөлінуі: | 2 жастан бастап – 2 топ 3 жастан бастап – 2 топ 4 жастан бастап – 2 топ 5 жастан бастап (мектепалды) – 2 топ |
| Тәрбиелену тілі: | Қазақ тілі |
| Бөбекжайдың жұмыс тәртібі: | 10,5 сағаттық |
Ұйымның негізгі қызметі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту, оларды салауатты өмір салтына бейімдеу, зияткерлік және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейімдеу негізінде қабілеттерін дамыту.
Ұйымның мақсаты – жалпы дамытатын үлгідегі балабақша ретінде тәрбиеленушілерді дамытуды (дене, зияткерлік, эстетикалық және т.б.) бірнеше бағыттарда жүзеге асыратын мектепке дейінгі оқыту-тәрбиелеу.